Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и тарифов на сбор, вывоз,утилизацию твердых бытовых отходов по городу Тараз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и тарифов на сбор, вывоз,утилизацию твердых бытовых отходов по городу Тараз
- Атауы (қаз.)
- Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42-7
- Қабылданған күні
- 15.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2021 129217_516025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GA004107
- ЭКБ идентификаторы
- 129217
- Редакция идентификаторы
- 129217_516025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:05
0 Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14285 болып тіркелген) сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2 2. Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық-шаруашылық, көркейту, қоршаған ортаны сақтау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
1 Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 1-қосымша
Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, м3/1бірлік
Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, кг/1 бірлік
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,985
197
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
1,053
200
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,706
120
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,197
57
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,110
222
6
Емханалар
1 келіп кету
0,010
2,6
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,920
230
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,060
13,2
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратынорын
0,375
112,5
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратынорын
0,667
100
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,200
30
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,682
150
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
1,000
150
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,433
112,5
15
Машиналардан сату
Сауда орнының 1 м2
0,069
15
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,100
15
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,175
35
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,233
35
19
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,625
125
21
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,075
15
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,750
112,5
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,125
225
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,250
450
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
1,125
225
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмысорны
2,250
450
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,206
72
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмы сорны
1,250
250
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
31
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
2,250
450
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
1,000
300
2 Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерi
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 2-қосымша
Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерi
№
Атауы
1 кг үшін тариф
1
Жеке тұлғалар үшін
5,14
2
Барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктерге
5,64
3
Жеке тұлғалар және барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату
1,25
Ескерту: 1 тұрғынға бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және кәдеге жарату үшін қызмет құны - 84,4 теңге (ҚҚС-сыз).
Тарифтер қосымша құн салығынсыз көрсетілген.