Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и тарифов на сбор, вывоз,утилизацию твердых бытовых отходов по городу Тараз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов и тарифов на сбор, вывоз,утилизацию твердых бытовых отходов по городу Тараз
- Атауы (қаз.)
- Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42-7
- Қабылданған күні
- 15.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2021 129217_516025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GA004107
- ЭКБ идентификаторы
- 129217
- Редакция идентификаторы
- 129217_516025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:05
0 Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14285 болып тіркелген) сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық-шаруашылық, көркейту, қоршаған ортаны сақтау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
1 Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 1-қосымша
Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, м3/1бірлік
Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, кг/1 бірлік
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,985
197
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
1,053
200
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,706
120
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,197
57
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,110
222
6
Емханалар
1 келіп кету
0,010
2,6
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,920
230
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,060
13,2
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратынорын
0,375
112,5
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратынорын
0,667
100
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,200
30
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,682
150
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
1,000
150
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,433
112,5
15
Машиналардан сату
Сауда орнының 1 м2
0,069
15
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,100
15
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,175
35
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,233
35
19
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,625
125
21
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,075
15
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,750
112,5
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,125
225
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,250
450
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
1,125
225
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмысорны
2,250
450
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,206
72
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмы сорны
1,250
250
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,360
72
31
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
2,250
450
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
1,000
300
2 Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерi
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 2-қосымша
Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерi
№
Атауы
1 кг үшін тариф
1
Жеке тұлғалар үшін
5,14
2
Барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктерге
5,64
3
Жеке тұлғалар және барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату
1,25
Ескерту: 1 тұрғынға бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және кәдеге жарату үшін қызмет құны - 84,4 теңге (ҚҚС-сыз).
Тарифтер қосымша құн салығынсыз көрсетілген.