Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Өзге акт · № 1 · қабылданған 22.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129239/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·22.02.2019
22.02.2019 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
22.02.2019
Қолданысқа енгізілген күні
28.02.2019
Көрсетілген редакция
22.02.2019 129239_390558.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19GK004118
ЭКБ идентификаторы
129239
Редакция идентификаторы
129239_390558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:00

0 Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Шу ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 21 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде, Шу ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Шу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы