Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Арыс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Арыс
- Атауы (қаз.)
- Арыс қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/228-VІ
- Қабылданған күні
- 01.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 129253_449502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UB004910
- ЭКБ идентификаторы
- 129253
- Редакция идентификаторы
- 129253_449502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:14
0 Арыс қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес, Арыс қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2 2. «Арыс қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Арыс қалалық мәслихатының
2019 жылғы 1 ақпандағы
№33/228-VI шешіміне
қосымша
Арыс қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
4
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10