Құжат мәтініне өту

О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Усть-Каменогорск, Семей, Риддер, Курчатов Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 27 · қабылданған 11.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129271/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Усть-Каменогорск, Семей, Риддер, Курчатов Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 27 ·11.02.2019
11.02.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Усть-Каменогорск, Семей, Риддер, Курчатов Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 27 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Усть-Каменогорск, Семей, Риддер, Курчатов Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
11.02.2019
Көрсетілген редакция
11.02.2019 129271_390882.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0005738
ЭКБ идентификаторы
129271
Редакция идентификаторы
129271_390882
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:08

0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов

қалаларының кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

16-шы тұрғын ауданындағы:
№ 1 көшесіне – Арасан көшесі;
№ 2 көшесіне – Аялы көшесі;
№ 3 көшесіне – Ақшоқы көшесі;
20-шы тұрғын ауданындағы:
№ 1 көшесіне – Қазына көшесі;
№ 2 көшесіне – Думан көшесі;
№ 3 көшесіне – Шапағат көшесі;
№ 4 көшесіне – Өсиет көшесі;
№ 5 көшесіне – Толағай көшесі;
№ 6 көшесіне – Жерұйық көшесі;
№ 7 көшесіне – Ақжол көшесі;
№ 9 көшесіне – Жақия Шайжүнісов көшесі;
№ 10 көшесіне – Үркер көшесі;
№ 11 көшесіне – Лев Гумилев көшесі;
№ 14 көшесіне – Ақбауыр көшесі;
№ 16 даңғылына – Әл-Фараби даңғылы;
Ахмер ауылындағы:
№ 1 көшесіне – Саламат көшесі;
№ 2 көшесіне – Серпін көшесі;
№ 3 көшесіне – Қанағат көшесі;
№ 4 көшесіне – Балауса көшесі;
Меновное ауылы ауданындағы:
№ 1 көшесіне – Мейірім көшесі;
№ 2 көшесіне – Армандастар көшесі;
Комендантский аралы аумағындағы саябаққа – Самал саябағы деген атау берілсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының кейбір құрамдас бөліктері:

Өскемен қаласы бойынша:
«Жастар» саябағы - Қасым Қайсенов саябағы;
Ворошилов көшесі - Шәкәрім даңғылы;
Комсомольская көшесі - Жастар көшесі;
Лениногорская көшесі - Теміржолшылар көшесі;
Питерских Коммунаров көшесі - Лев Толстой көшесі;
Революционная көшесі - Қалихан Ысқақ көшесі;
Орджоникидзе көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
Дзержинский көшесі - Әміре Қашаубаев көшесі;
Киров көшесі - Антон Чехов көшесі;
Октябрьская көшесі - Мұхамеджан Тынышпаев көшесі;
Меновное ауылындағы Советская көшесі - Адольф Янушкевич көшесі;
Крупская көшесі - Евгений Брусиловский көшесі;
Советская көшесі - Александр Затаевич көшесі;
Головков көшесі - Бейбітшілік көшесі;
30 Гвардиялық дивизия мен Виноградов көшесі арасындағы І. Айтықов көшесі - Асар көшесі;
Семей қаласы бойынша:
Крупская көшесі - Әзілхан Нұршайықов көшесі;
Строительная көшесі - Тұрсынғазы Рахимов көшесі;
Комсомольская көшесі - Жібек жолы көшесі;
Кутузов көшесі - Ардагерлер көшесі;
Колхозная көшесі - Берел көшесі;
Социалистическая көшесі - Самал көшесі;
Декабристов көшесі - Нұрсая көшесі;
Риддер қаласы бойынша:
1-Стахановская көшесі - Бірлік көшесі;
Курчатов қаласы бойынша:
Совхозная көшесі - Көктем көшесі;
Пионерская көшесі - Достық көшесі;
Комсомольская көшесі - Самал көшесі;
Красноармейская көшесі - Бейбіт атом көшесі деп қайта аталсын.

3 3. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы