О признании утратившими силу некоторых решений Жуалынского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Жуалынского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39-5
- Қабылданған күні
- 13.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2019 129307_390918.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GD004111
- ЭКБ идентификаторы
- 129307
- Редакция идентификаторы
- 129307_390918
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:07
0 Жуалы аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік - экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
Жуалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 ақпандағы
№ 39-5 шешіміне қосымша
Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. «Үшінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 158 Жуалы ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым обьектілерін бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы № 163 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-4-19 болып тіркелген, 2005 жылғы 17 қарашадағы «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған);
2
2. «Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 30-20 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-4-93 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған);
3
3. «Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 46-4 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2790 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған).