Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Бурлинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Бурлинского района
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-3
- Қабылданған күні
- 15.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2024 129317_704495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZC005543
- ЭКБ идентификаторы
- 129317
- Редакция идентификаторы
- 129317_704495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:06
0 Бөрлі ауданы аумағында қызметін
жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін тіркелген салықтың
бірыңғай мөлшерлемелерін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Бөрлі аудандық мәслихатының
2019 жылғы «15» ақпандағы
№ 35-3 шешіміне қосымша
Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Салық салу объектісінің бірлігі
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
4
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Бір ойын автоматы
5
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Бір ойын автоматы
7
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
Бір компьютер
1
4.
Ойын жолы
Бір ойын жолы
12
5.
Карт
Карт
9
6.
Бильярд үстелі
Бір ойын үстелі
8