Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аршалынском районе
- Атауы (қаз.)
- Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/2
- Қабылданған күні
- 21.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2020 129334_448185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BD007075
- ЭКБ идентификаторы
- 129334
- Редакция идентификаторы
- 129334_448185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:02
0 Аршалы ауданында
тұратын, аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібін және мөлшерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6912 тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Т. Мұханбеджанов
2019 жылғы 21 ақпан
4 Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері
Аршалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 21 ақпандағы
№ 37/2 шешіміне қосымша
Аршалы ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері
1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1 1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аршалы ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
2
2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3
3. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырады.
4 4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.
Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады, мыналарды қоспағанда:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);
еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нысанында оқымайтын, әскерде мерзімді қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) отбасыларды (азаматтарды).
Аса көтерілген немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.
5 5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
6 6. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудан бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүргізіледі.
2 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
7 7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептейді.
8 8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметтерге жұмсаған шығыстарының нормалары мен шекті жол берілетін сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
9 9. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 11 % мөлшерінде:
1 1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2 2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3 3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін.
10
10. Жекешелендiрiлген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.