Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием двухэтапных процедур

Бұйрық · № 156 · қабылданған 28.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129365/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием двухэтапных процедур Күшін жойған Бұйрық ·№ 156 ·28.02.2019
01.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием двухэтапных процедур

Күшін жойған Бұйрық ·№ 156 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием двухэтапных процедур
Атауы (қаз.)
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
28.02.2019
Көрсетілген редакция
01.01.2025 129365_736582.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018360
ЭКБ идентификаторы
129365
Редакция идентификаторы
129365_736582
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:58

0 Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген

Атауы
1.
Ландшафты дизайн бойынша жұмыстар
2.
Аумақтарды декоративті көгалдандыру бойынша жұмыстар
3.
Аумақтарды абаттандыру бойынша жобалау-зерттеу жұмыстары
4.
Су-энергияны үнемдеу бөлігінде техникалық жабдықты жаңғырту бойынша жұмыстар
5.
Сигналдық үлгіні ұсына отырып, нысанды киім-кешекті әзірлеу

Қолданыстағы