Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом

Бұйрық · № 154 · қабылданған 28.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129369/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом Күшін жойған Бұйрық ·№ 154 ·28.02.2019
29.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом

Күшін жойған Бұйрық ·№ 154 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
28.02.2019
Көрсетілген редакция
29.07.2019 129369_416653.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018364
ЭКБ идентификаторы
129369
Редакция идентификаторы
129369_416653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:58

0 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін

уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

8 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 154 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
тізбесін бекіту туралы
№ р/р
Атауы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі
1.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс
2.
Жобалау бойынша жұмыстар
Алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс
3.
Жиһаз өнімі
Алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс
4.
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары
Алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс
5.
Бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімінің санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптамасына сәйкес)
Алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс

Қолданыстағы