О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мойынкумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мойынкумского района
- Атауы (қаз.)
- Мойынқұм ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 21.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2019 129377_391655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004119
- ЭКБ идентификаторы
- 129377
- Редакция идентификаторы
- 129377_391655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:02
0 Мойынқұм ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Наметқұлов Амангелді Наметқұлұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мойынқұм ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2019 жылғы
№ қаулысына қосымша
Мойынқұм ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1
1. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2534 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған);
2
2. «Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған);
3
3. «Мойынқұм ауданының ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2692 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған).