Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Курмангазинском районе

Қаулы · № 40 · қабылданған 26.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129389/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Курмангазинском районе Қолданыста Қаулы ·№ 40 ·26.02.2019
30.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Курмангазинском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 40 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Курмангазинском районе
Атауы (қаз.)
Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
26.02.2019
Көрсетілген редакция
30.05.2019 129389_409012.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TH004345
ЭКБ идентификаторы
129389
Редакция идентификаторы
129389_409012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:59

0 Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Құрманғазы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «26» ақпандағы
№ 40 қаулысына қосымша
Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Осы тәртіп Құрманғазы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Құрманғазы ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрi – комиссия) қарайды.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5 5. Комиссиямен қабылдаған хаттамалық шешім, көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығырылады.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Құрманғазы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9

9. Ақшалай сыйақының мөлшерi көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

Қолданыстағы