О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Караганда, Жезказган и Темиртау Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Караганда, Жезказган и Темиртау Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 07/03
- Қабылданған күні
- 05.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2019 129392_391200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19K0005205
- ЭКБ идентификаторы
- 129392
- Редакция идентификаторы
- 129392_391200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:11
0 Қарағанды облысының
Қарағанды, Жезқазған және
Теміртау қалаларының бірқатар
құрамдас бөліктеріне атау беру
және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарағанды қаласының келесі көшелері:
3-я кочегарка көшесі – Ардақ көшесі;
Батарейная көшесі – Қайнар көшесі;
Болотная көшесі – Бірлік көшесі;
Коминтерна көшесі – Ынтымақ көшесі;
Мануфактурная көшесі – Аққайың көшесі;
Пионерская көшесі – Саялы көшесі;
Рабкоровская көшесі – Серпін көшесі;
Совхозная көшесі – Өркен көшесі;
Социалистическая көшесі – Арман көшесі;
Торпедная көшесі – Арай көшесі;
Насыпная көшесі – Жағалау көшесі;
Отвальная көшесі – Талды көшесі;
Паровозная көшесі – Береке көшесі;
Портовская көшесі – Саяхат көшесі;
Пикетная көшесі – Самал көшесі;
Пахотная көшесі – Тұмар көшесі деп қайта аталсын.
2 2. Жезқазған қаласының Металлургтер алаңы – Қаныш Сәтбаев алаңы деп қайта аталсын.
3 3. Теміртау қаласының келесі көшелері:
Қарағанды шоссесі көшесі – Қарағанды көшесі;
Нижняя көшесі – Жұмабек Тәшенов көшесі;
Степан Разин көшесі – Сарыарқа көшесі;
Пионерская көшесі – Евгений Брусиловский көшесі;
Советская көшесі – Ынтымақ көшесі деп қайта аталсын.
4 4. Теміртау қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:
Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ алаңға – Астана атауы;
Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ скверге – Бірлік атауы берілсін.
5
5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.