Құжат мәтініне өту

О преобразовании сел города Актобе в жилые массивы

Қаулы · № 388 · қабылданған 01.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129421/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О преобразовании сел города Актобе в жилые массивы Қолданыста Қаулы ·№ 388 ·01.03.2019
01.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О преобразовании сел города Актобе в жилые массивы

Қолданыста Қаулы ·№ 388 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О преобразовании сел города Актобе в жилые массивы
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
388
Қабылданған күні
01.03.2019
Көрсетілген редакция
01.03.2019 129421_391786.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19C0005977
ЭКБ идентификаторы
129421
Редакция идентификаторы
129421_391786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:57

0 Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 8 бабына және 11 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және 27 бабының 2 тармағына сәйкес және Ақтөбе қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ақтөбе қаласының келесі ауылдары тұрғын үй алаптарына қайта құрылсын:

Кенес Нокин, Ақшат, Белогор, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шиелісай, Жаңақоныс, Құрашасай, Жіңішке, Шестихатка, Құрайлы, Георгиевка, Елек, Өрлеу, Қарғалы, Ақжар, Мағаджан, Сазды.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы сәйкестендірсін.

3 3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы