Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации
- Атауы (қаз.)
- Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 27.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2020 129425_439711.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VS005742
- ЭКБ идентификаторы
- 129425
- Редакция идентификаторы
- 129425_439711
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:59
0
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншіктік нысанына қатыссыз ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Ұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншіктік нысанына қатыссыз ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3
3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 13 «2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталарын белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5514 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___»________
№_____ қаулысына
1 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері
Р/с №
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылар-дың тізімдік саны
Бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «ОВ 156/6 мекемесі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
158
1%
2
2
«Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
591
1%
6
3
Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зевакино арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
177
1%
2
4
Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Уба» шипажайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
187
1%
2
5
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
101
1%
1
6
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
137
1%
1
7
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
109
1%
1
8
«Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Д.М.Карбышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
100
1%
1
9
«Воробьев Н. и Ко" коммандиттік серіктестігі
162
1%
2
10
«Востоксельхозпродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
233
1%
2
11
«Выдрихинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
313
1%
3
12
«Защита-Уба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
107
1%
1
13
«Камышинское – 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
202
1%
2
14
«Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
107
1%
1
15
«Сугатовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
113
1%
1
16
«Востокцветмет» - «Востокавтотранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы
280
1%
3
7 Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___»________
№____ қаулысына
2 қосымша
Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері
Р/с №
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны
Бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны
1
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Верх-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
62
3%
2
2
«Уба-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
42
3%
1
3
«Воробьев Н. и Ко" командиттік серіктестігі
162
3%
5
4
«Белокаменское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
80
3%
2
5
«ВК Житница» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
3%
2
6
«Востоксельхозпродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
233
3%
7
7
«Выдрихинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
313
3%
9
8
«Защита УБА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
107
3%
3
9
«Камышинское – 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
202
3%
6
10
«Ново-Ильинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
3%
2
11
«Первомайский водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
36
3%
1
12
«Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
107
3%
3
13
«Прииртышье+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
37
3%
1
14
«Сугатовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
113
3%
3
15
«Убинское-Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
96
3%
3
16
«Востокцветмет» - «Востокавтотранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы
280
3%
8
17
«Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамы
103
3%
3