Об утверждении Правил организации сопровождения государственного информационного портала «Электронная биржа труда» Күшін жойған
Басқа 0
«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
Басқа 1. «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 92 бұйрығымен бекітілген
«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын (бұдан әрі – «Электрондық еңбек биржасы» АП) қолдап отыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпарат – ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйенің аудиті – ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеп-қарау;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация тораптары мен ақпараттандырудың басқа да объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 4
4) әкімші - «Электрондық еңбек биржасы» АП қолдап отыруды жүзеге асыратын еңбек ресурстарын дамыту орталығы;
Тармақша 5
5) пайдаланушы – ақпараттандыру объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
Тармақша 6
6) «Электрондық еңбек биржасы» АП - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы бар ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» АП қолдап отыру тәртібі
2-тарау. «Электрондық еңбек биржасы» АП қолдап отыру тәртібі
Тармақ 3
3. «Электрондық еңбек биржасы» АП қолдап отыруды қамтамасыз ету «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң ) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. «Электрондық еңбек биржасы» АП қолдау шеңберінде әкімші:
Тармақша 1
1) Электрондық еңбек биржасы» АП мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойғы жұмысын;
Тармақша 2
2) «Электрондық еңбек биржасы» АП-дағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын, істен шығу немесе ақпарат зақымданған жағдайда қалпына келтірілуін, резервтік көшіруді және ақпараттың уақтылы өзектендірілуін бақылауды;
Тармақша 3
3) өтініштердің шешілуі шеңберінде «Электрондық еңбек биржасы» АП бағдарламалық қамтамасыз етуге түзетулер енгізуді, түрлендіру және ақауларын жоюды, жаңғырту жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай және оның тұтастығы сақталған жағдайда «Электрондық еңбек биржасы» АП техникалық іркілістерін жедел жоюды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың басқа да объектілерімен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 5
5) ақпараттың қосымша түрлерін орналастыруды;
Тармақша 6
6) «Электрондық еңбек биржасы» АП жай-күйіне аудит жүргізуді;
Тармақша 7
7) Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылуды Заңның 7-2-бабына сәйкес қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Әкімші «Электрондық еңбек биржасы» АП-ға мынадай ақпаратты орналастырады:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларды ақпараттандыру үшін «Электрондық еңбек биржасы» АП жаңа мүмкіндіктері;
Тармақша 2
2) мәтіндік түрде және видеформаттарда нұсқаулық, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар.
Тармақ 6
6. «Электрондық еңбек биржасы» АП жұмысында техникалық іркілістің пайда болуы туралы ақпарат көздері болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес кері байланыс нысаны арқылы жіберілген пайдаланушының хабарламасы;
Тармақша 2
2) «Электрондық еңбек биржасы» АП-ның жұмыс істеу мониторингін орындайтын әкімшісі мамандарының хабарламасы;
Тармақша 3
3) техникалық іркілісті анықтаған функционалдың жұмыс қабілеттілігі мен қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылатын «Электрондық еңбек биржасы» АП ақауларын мониторингілеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;
Тармақша 4
4) техникалық іркілістің туындауын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбаларды тіркейтін «Электрондық еңбек биржасы» АП жүйелік журналдары;
Тармақша 5
5) Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы.
Тармақ 7
7. Пайдаланушы «Электрондық еңбек биржасы» АП ақпаратты іздеу және орналастыру бойынша қандай да бір техникалық сұрақтары болған жағдайда «Электрондық еңбек биржасы» АП-да орналастырылған кері байланыс нысаны арқылы әкімшісіне жүгінеді. Пайдаланушының өтінішінде мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) байланыс деректері;
Тармақша 2
2) электрондық мекенжайы;
Тармақша 3
3) өтініш тақырыбы;
Тармақша 4
4) өтініш мәтіні;
Тармақша 5
5) салыным (файл).
Пайдаланушының «Электрондық еңбек биржасы» АП жұмыс істеуіне байланысты өтінішін қарау және жауап беру мерзімі оны алған сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.