Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/108
- Қабылданған күні
- 19.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2026 129464_828051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19R0001528
- ЭКБ идентификаторы
- 129464
- Редакция идентификаторы
- 129464_828051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:04
0 Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері, осы қаулының қосымшасына сәйкес, белгіленсін.
2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы « 19 » ақпандағы
№ 1/108 қаулысына қосымша
Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері