О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Таласского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Таласского района
- Атауы (қаз.)
- Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 26.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2019 129489_391749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004129
- ЭКБ идентификаторы
- 129489
- Редакция идентификаторы
- 129489_391749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:59
0 Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларның күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Молдабекұлы Оспановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Талас ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Талас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «26» ақпаны
№ 59 қаулысына қосымша
Талас ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 03 ақпандағы №11 қаулысымен бекітілген «Талас ауданының әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №869 болып тіркелген, 2003 жылдың 31 мамырында «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
2
2. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 08 мамырындағы №37 қаулысымен бекітілген «Аудан ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға бюджеттен несие беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №980 болып тіркелген, 2003 жылдың 21 маусымында «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
3
3. Талас аудандық әкімиятының 2003 жылғы 05 мамырындағы №33 қаулысымен бекітілген «Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №981 болып тіркелген, 2003 жылдың 21 маусымында «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
4
4. Талас аудандық әкімиятының 2008 жылғы 12 наурыздағы №88 қаулысымен бекітілген «Талас ауданындағы нысыналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №58 болып тіркелген, 2008 жылдың 28 сәуіріндегі «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
5
5. Талас аудандық әкімиятының 2009 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысымен бекітілген «Талас ауданындағы нысаналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы» Талас ауданы әкімиятының 2008 жылғы 12 наурыздағы №88 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №77 болып тіркелген, 2009 жылдың 16 мамырындағы «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
6
6. Талас аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 мамырындағы №216 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №81 болып тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымдағы «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
7
7. Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №58 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 216 қаулысына өзгерту енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №95 болып тіркелген, 2010 жылдың 31 наурызындағы «Талас тынысы» газетінде жарияланған);
8
8. Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашасындағы №461 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2443 болып тіркелген, 2015 жылдың 24 қаңтарында «Талас тынысы» газетінде жарияланған).