О признании утратившими силу некоторых решений Западно-Казахстанского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Западно-Казахстанского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23-6
- Қабылданған күні
- 06.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2019 129503_392534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19Z0005563
- ЭКБ идентификаторы
- 129503
- Редакция идентификаторы
- 129503_392534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:53
0 Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-6
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешіміне
қосымша
1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4984 тіркелген, 2017 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-3 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5096 тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3 3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №18-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5278 тіркелген, 2018 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4 4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5347 тіркелген, 2018 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5 5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы
7 желтоқсандағы №21-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 тіркелген, 2018 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).