Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Жиланды и ручья Жиланды в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Жиланды и ручья Жиланды в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 11.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2019 129594_392769.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005767
- ЭКБ идентификаторы
- 129594
- Редакция идентификаторы
- 129594_392769
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:52
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-017 есеп кварталы аумағындағы (Ұлан ауылынан оңтүстікке қарай 7,7 км) А.Қ. Құрмановқа берілетін жер учаскелері тұстамасындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-017 есеп кварталы аумағындағы (Ұлан ауылынан оңтүстікке қарай 7,7 км) А.Қ. Құрмановқа берілетін жер учаскелері тұстамасындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «11» наурыз
12 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-017 есеп кварталы аумағындағы (Ұлан ауылынан оңтүстікке қарай 7,7 км) А.Қ. Құрмановқа берілетін жер учаскелері тұстамасындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «11» наурыздағы
№ 68 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-017 есеп кварталы аумағындағы (Ұлан ауылынан оңтүстікке қарай 7,7 км) А.Қ. Құрмановқа берілетін жер учаскелері тұстамасындағы Жыланды өзені мен Жыланды бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
№ 1 жер учаскесі
Жыланды өзенінің сол жағалау жағы
2,102
79
130-500
1,8425
7,3
35
Жыланды өзенінің оң жағалау жағы
2,749
108,8
260-500
3,8086
12,5
35
№ 2 жер учаскесі
Жыланды бұлағының сол жағалау жағы
-
5,6
500
0,3983
1,5
35
Жыланды бұлағының оң жағалау жағы
1,483
25,5
500
0,3321
1,1
35
Жыланды өзенінің сол жағалау жағы
0,478
11,4
500
0,143
0,5
35
Жыланды өзенінің оң жағалау жағы
-
-
-
-
0,2
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.