Құжат мәтініне өту

О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 11/01 · қабылданған 04.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129599/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған Қаулы ·№ 11/01 ·04.03.2019
18.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы ·№ 11/01 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/01
Қабылданған күні
04.03.2019
Көрсетілген редакция
18.09.2024 129599_721104.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KG005212
ЭКБ идентификаторы
129599
Редакция идентификаторы
129599_721104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:56

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды
көтермелеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

Саран қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___»_________
қаулысына қосымша
№ ______
Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеу түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеу тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Саран қаласының әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3 3. Комиссия құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері енгізіледі.

4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

5 5. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

7 7. Көтермелеу түрлерін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9 9. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

10 10. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Қолданыстағы