Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на импорт средств защиты растений (пестицидов)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на импорт средств защиты растений (пестицидов)»
- Атауы (қаз.)
- «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 07.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2020 129627_494164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018388
- ЭКБ идентификаторы
- 129627
- Редакция идентификаторы
- 129627_494164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:53
0 «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекiтілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 7 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17898 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
3 3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар қоса берілген электрондық сұранымының болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1 1) сұраным келіп түскеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі – орындалу уақыты 15 (он бес) минут;
2 2) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты басқарманың (бұдан әрі – Басқарма) басшысы, көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және оларды Басқарманың бас сарапшысына немесе сарапшысына (бұдан әрі – орындаушы) жібереді – орындалу уақыты 20 (жиырма) минут;
3 3) орындаушы құжаттардың толықтығын және олардың лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі – орындау уақыты 2 (екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы және сәйкестігі расталған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысының қарауына енгізеді – орындалу уақыты лицензия беру кезінде – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
4 4) Басқарма басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне бұрыштама қояды – орындалу уақыты 30 (отыз) минут;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – орындалу уақыты 1 (бір) сағат.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2 2) Басқарма басшысы;
4 4) орындаушы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттар келіп түскен күннен бастап, алынған құжаттарды және электрондық сұранымды тіркейді және Басқарма басшысына жібереді – орындалу уақыты 20 (жиырма) минут;
орындаушының қарауы үшін Басқарма басшысының қарары – орындалу уақыты 20 (жиырма) минут;
орындаушының лицензияны ресімдеуі, лицензияны қайта реcімдеуі, лицензияның телнұсқасын ресімдеуі не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдеуі және оны Басқарма басшысының қарауына енгізуі – орындалу уақыты лицензия беру кезінде – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне Басқарма басшысының бұрыштама қоюы – орындалу уақыты 30 (отыз) минут;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – орындалу уақыты 1 (бір) сағат;
өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығында келтірілген.
4 4-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы
9 9. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну тәртібі мен рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЕЛ МД АЖ) логин мен парольді енгiзуi (авторландыру рәсімі);
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген орындаушысы туралы деректердiң түпнұсқалылығын тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты ЕЛ МД АЖ-ның авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші орындаушысының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұраным нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранымды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі – ЗТ МД) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МД) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МД/ЖТ МД-да бар-жоғын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЗТ МД/ЖТ МД-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
6-рәсiм – сұранымды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеуді, лицензияның телнұсқасын беру шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;
8-рәсім – көрсетiлетін қызметті беруші орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Басқарма басшысына бұрыштама қоюға жіберуі;
9-рәсім – көрсетiлетін қызметті беруші орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға жіберуі;
10-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
11-рәсім – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ қалыптастырған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы;
2 2) көрсетiлетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсiмдер
(iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн порталда парольді енгiзуі (авторландыру рәсімі);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалылығын тексеру;
2-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетiлетін қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті алушының сұраным нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса тіркей отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – көрсетілетін қызметке электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы ақы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға келіп түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызмет көрсетілгенi үшiн ақы төленгені фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызмет көрсетілгені үшiн ақы төленгенінің болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
6-рәсiм – сұранымды куәландыру (оған қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсетуге арналған сұранымның толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерді) куәландыру (оған қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұранымын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұранымды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ қалыптастырған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2, 3-қосымшаларда келтірілген.
1 Жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығы
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Жұмыскерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі анықтамалығы
2 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы
3 Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы диаграммасы