Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Таргын и ручья без названия в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 70 · қабылданған 11.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129629/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Таргын и ручья без названия в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 70 ·11.03.2019
11.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Таргын и ручья без названия в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 70 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Таргын и ручья без названия в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
11.03.2019
Көрсетілген редакция
11.03.2019 129629_392973.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0005779
ЭКБ идентификаторы
129629
Редакция идентификаторы
129629_392973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:52

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеуілері;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «11» наурыз

12 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеуілері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «11» наурыздағы
№ 70 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Тарғын өзенінің
және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеуілері
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғауаймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
05-079-020 есеп кварталаумағында (Тарғын ауылынан 9,0 км оңтүстікке қарай) Е.С.Бейсембиновқа берілетін
жер учаскелері тұстамасындағы Тарғын өзені
2,408
156,0
500
4,106
19,5
55-100
05-079-020 есеп кварталаумағында (Тарғын ауылынан 9,0 км оңтүстікке қарай) Е.С.Бейсембинов-қа берілетін
учаскенің солтүстік шығысындағы атауы жоқ бұлақтың сол жағалау жағы
4,308
217,6
500-750
4,865
33,4
55
05-079-020 есеп кварталаумағында (Тарғын ауылынан 9,0 км оңтүстікке қарай) Е.С.Бейсембиновқа берілетін
учаскенің солтүстік шығысындағы атауы жоқ бұлақтың оң жағалау жағы
-
-
-
-
0,8
10-27
05-079-020 есеп кварталаумағында (Тарғын ауылынан 9,0 км оңтүстікке қарай) Е.С.Бейсембиновқа берілетін
учаскенің оңтүстігіндегі атауы жоқ бұлақтың оң жағалау жағы
2,247
106,6
500-600
2,15
27,4
100
05-079-020 есеп квартал аумағында (Тарғын ауылынан 9,0 км оңтүстікке қарай) Е.С.Бейсембиновқа берілетін
учаскенің оңтүстігіндегі атауы жоқ бұлақтың сол жағалау жағы
-
-
-
-
1,3
21-31
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы