Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 11/01 · қабылданған 14.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129714/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған 07.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы № 11/01 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/01
Қабылданған күні
14.03.2019
Көрсетілген редакция
07.08.2026 129714_837996.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KJ005234
ЭКБ идентификаторы
129714
Редакция идентификаторы
129714_837996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:58
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Ақтоғай
ауданының әкімдігінің 07.08.2026 № 80/05 (оның алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___»_________
қаулысына қосымша
№ ______
Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеу түрлері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйлықақы беру.

2-тарау. Көтермелеу тәртібі

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақтоғай ауданының әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3. Комиссия құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері енгізіледі.

4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

5. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

7. Көтермелеу түрлерін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

10. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.