Об утверждении Правил формирования и ведения дорожной базы данных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и ведения дорожной базы данных
- Атауы (қаз.)
- Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 06.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2019 129721_393634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018384
- ЭКБ идентификаторы
- 129721
- Редакция идентификаторы
- 129721_393634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:54
0 Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен
бекітілді
Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2-тармағының
42) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) автомобиль жолын диагностикалау – автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының құрылымдық элементтерінің параметрлері мен жай-күйі, көлік ағындарының сипаттамалары туралы ақпаратты, ал қажет болған жағдайда жөндеу іс-шараларына мұқтаждығын айқындауға арналған өзге де ақпаратты зерттеп-қарау, жинау және талдау, сондай-ақ автомобиль жолын одан әрі пайдалану процесінде оның жай-күйін бағалау және болжау;
2 2) автомобиль жолының көліктік-пайдалану жай-күйі – жолдың техникалық деңгейін және пайдалану жай-күйін сипаттайтын және зерттеу сәтіне оның тұтыну қасиеттерін анықтайтын көрсеткіштер кешені;
3 3) автомобиль жолдарын паспорттау – техникалық паспортын жасай отырып және жол дерекқорын қалыптастырумен бірге автомобиль жолдарын және жасанды жол құрылыстарын есепке алу;
4 4) жол дерекқоры – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі.
3 3. Жол дерекқорындағы ақпарат жол пайдаланушылар үшін ашық болып табылады және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін дамытуды жоспарлау, Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының схемаларын, карталарын, атластарын жасау және басқа да мақсаттарда пайдаланылады.
2 2-тарау. Жол дерекқорын қалыптастыру тәртібі
4 4. Жол дерекқорын қалыптастыру мыналарды қамтиды:
1 1) автомобиль жолдарын паспорттау;
2 2) автомобиль жолдарын диагностикалау;
3 3) автомобиль жолдарының техникалық параметрлері мен көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты жүктеу.
5 5. Жол дерекқоры электрондық түрде қалыптастырылады және автомобиль жолы туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
1 1) автомобиль жолына арналған жалпы мәліметті;
2 2) жолдың көлденең және бойлық бейіні элементтерінің геометриялық параметрлері:
жамылғы типі бойынша учаскелер туралы;
жүру бөлігінің ені бойынша;
жер төсемесінің ені бойынша;
бөлу жолағының ені бойынша;
жер төсемесі жиегі және еңістер тіктігінің биіктігі бойынша;
жол жиектері бойынша;
бойлық еңістер бойынша;
жоспардағы қисықтар мен бұрылыстар бойынша;
көрінуі жеткіліксіз учаскелер бойынша;