Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 62 · қабылданған 19.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129747/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 62 ·19.03.2019
30.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 62 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62
Қабылданған күні
19.03.2019
Көрсетілген редакция
30.12.2019 129747_436213.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SF005259
ЭКБ идентификаторы
129747
Редакция идентификаторы
129747_436213
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:46

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 330 қаулысының (2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «19» наурыздағы
№ 62 қаулысына
қосымша
Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы ( %)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
74
2 %
1

Қолданыстағы