Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Райымбекском районе

Қаулы · № 207 · қабылданған 11.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129752/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Райымбекском районе Қолданыста Қаулы ·№ 207 ·11.03.2019
11.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Райымбекском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 207 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Райымбекском районе
Атауы (қаз.)
Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
11.03.2019
Көрсетілген редакция
11.03.2019 129752_393508.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19DO005070
ЭКБ идентификаторы
129752
Редакция идентификаторы
129752_393508
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:52

0 Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі, қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Райымбек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Райымбек ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «11» наурыздағы
«Райымбек ауданында қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы» № 207
қаулысына қосымша
Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Райымбек ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Райымбек ауданының әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлері, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшері, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ескеріле отыра, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, комиссиямен белгіленеді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Райымбек ауданының полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы