Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах транспортировки дизельного топлива

Бұйрық · № 90 · қабылданған 15.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129787/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах транспортировки дизельного топлива Қолданыста Бұйрық ·№ 90 ·15.03.2019
15.03.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах транспортировки дизельного топлива

Қолданыста Бұйрық ·№ 90 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах транспортировки дизельного топлива
Атауы (қаз.)
Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
15.03.2019
Көрсетілген редакция
15.03.2019 129787_393671.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018418
ЭКБ идентификаторы
129787
Редакция идентификаторы
129787_393671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:48

0 Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы
6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының
11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлік құралымен дизель отынын (ТН ВЭД ЕАС 2710 19 421 0 – 2710 19 425 0 коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы

вице-министрлеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы