Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расходования субсидий на авиамаршруты

Қаулы · № 915 · қабылданған 16.08.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-12980/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил расходования субсидий на авиамаршруты Күшін жойған Қаулы ·№ 915 ·16.08.2002
28.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расходования субсидий на авиамаршруты

Күшін жойған Қаулы ·№ 915 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расходования субсидий на авиамаршруты
Атауы (қаз.)
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
915
Қабылданған күні
16.08.2002
Көрсетілген редакция
28.12.2007 AI12980_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000915_
ЭКБ идентификаторы
12980
Редакция идентификаторы
AI12980_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:52

0 Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2007 № 1344 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 17 тамыздағы
N 915 қаулысымен
бекiтiлген
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен авиабағыттарға субсидиялар жұмсау тәртiбiн анықтайды.

2

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерi негiзінде жүзеге асырылатын, авиабағыттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдарға тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидия берiлуге тиiс.
Авиатасымалдарды субсидиялауға авиатасымалдар кезiнде тариф пен пайдалану шығыстары көлемiнің арасында белгiленген айырма жатады.

3 3. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесiнің экономика сыныбы есебiнен қолданылады.

2 2. Субсидияларды есептеу және төлеу тәртiбi

4 4. Республикалық бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлген тиiстi бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.

5 5. Жергiлiктi бюджеттен авиатасымалдар бойынша субсидиялар төлеу әкiмдiк қаулысымен бекiтiлген тиiстi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына сәйкес жүргiзiледi.

6 6. Субсидияларды төлеу ай сайын авиатасымалдардың нақты орындалған және құжатпен расталған көлемi бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2004. N 362 қаулысымен.

7

7. Субсидиялар алу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал жергiлiктi бюджеттен субсидияланған жағдайда - жергiлiктi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) мен авиатасымалдарды жүзеге асыратын авиакомпаниялар арасында осы Ереженің 2-тармағына сәйкес белгiленген авиабағытты субсидиялау туралы шарт жасалады.

8

8. Авиабағытты субсидиялау туралы келiсiм жасалғаннан кейiн авиакомпания ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-i күнiне дейiнгi мерзiмде айлық қаржы есебiн уәкiлеттi органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен куәландырған мынадай құжаттарды қоса бередi:

1 1) сатылған билеттер тiзiлiмiн қоса, осы бағыт бойынша тасымалданған авиажолаушылар авиабилеттерi купондарының көшiрмесi;

2 2) әуежай, аэронавигация, метео қызметтерi шоттарының көшiрмесi;

3 3) жанар-жағар май материалдарын құю жөнiндегi талаптар көшiрмесi;

4 4) жинақтау-тиеу ведомосiнің көшiрмесi;

5 5) жүк құжатының көшiрмесi;

6 6) бiр ұшу сағаты өзiндiк құнының есебi;

7 7) ұшу тапсырмасының көшiрмесi.

9

9. Уәкiлеттi орган тiркелген құжаттары бар айлық қаржылық есебiн қабылдағаннан кейiн осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салыстыру актісін жасайды және жүргiзілген шығыстардың мақсатты жұмсалуы мен субсидиялар сомасын бекiту туралы қорытынды жасай отырып авиатасымалдардың орындалу фактiлерiне тексеру жүргiзедi.

10

10. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Қазақстан Республикасының әуежайлары және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны уәкілеттi органға осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген мерзiмде әрбiр жеке авиабағыт бойынша көрсеткен авиақызметтерi үшiн авиакомпанияларға төлеуге ұсынылған шоттар көшiрмелерiн бередi.

11

11. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк ақшаны пайдалануға рұқсатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің қазынашылық аумақтық органдарына осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес субсидияланатын авиатасымалдар тiзiлiмiн, салыстыру актiлерiн және шарттардың көшiрмесiн өзiнің бюджеттiк шотынан авиакомпанияның ағымдағы шотына ақша аударуға төлем тапсырмаларымен бiрге бередi.

12

12. Осы Ереженің 8 және 9-тармақтарымен бекiтiлген талаптарды авиабағыттарды пайдалану процесінде орындамаған авиакомпанияларға және жолаушыларды, қолжүктерін, жүктердi және почтаны тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін авиабағыттарға арналған куәліктерді қайтарып алған жағдайда субсидияларды есептеу мен төлеу жүргізілмейді.

25 Қаржылық есеп нысаны (ай сайын)

Авиабағыттарға субсидияларды
жұмсау ережесіне
1-қосымша
Қаржылық есеп нысаны (ай сайын)
Кү­ні|Ба­ғыт.| Ұшу  |Әуе  | _____ |Әу­е­жай.|Әу­е­жай.| ЖЖМ|Аэ­ро. |Ме­тео| Рейс
    | тар  |(сағ.)|ке­ме.|әуе    | дың   | лар­да |    |на­ви. |қам. | бой­ын.
    |      |      |сі­нің|ке­ме.  |қыз­мет.| тех­ни.|    |га­ция |та­ма.|  ша
    |      |      |тү­рі |сі     | тер   | ка­лық |    |      |сыз  | бар­лық
    |      |      |     |бой­ын. |көр­се. |қыз­мет |    |      |ету  | пай­да.
    |      |      |     |ша ұшу | туі   |көр­се­ту|    |      |     |  ла­ну
    |      |      |     |са­ға.  |       |       |    |      |     | шы­ғыс.
    |      |      |     |ты­ның  |       |       |    |      |     |  та­ры
    |      |      |     |өзін­дік|       |       |    |      |     |
    |      |      |     |құ­ны   |       |       |    |      |     |
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
1     2      3      4       5      6       7      8    9     10      11
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Авиа­ком­па­ния бас­шы­сы
Бас бух­гал­тер
М.О.
таб­ли­ца­ның жал­ға­сы
тең­ге
______________________________________
Та­риф  |Та­сы­мал. | Рейс. |  Суб­си.
       |дан­ған   | тен   | ди­я­ла­у­ға
       |жо­ла­у­шы. | тү­се. | жа­та­тын
       |лар са­ны | тін   |  со­ма
       | (адам)  | та­быс |
________________________________________
   12      13        14        15
________________________________________
________________________________________
________________________________________

26 САЛЫСТЫРУ АКТІСІ

Авиабағыттарға субсидияларды
жұмсау ережесіне
2-қосымша
САЛЫСТЫРУ АКТІСІ
200_ жы­л­ғы "___" ____________
Біз, тө­мен­де қол қой­ған _____________________________________________
                     (Авиа­ком­па­ни­я­ның бас­шы­сы мен бас бух­гал­те­рі­нің А.Ә.Т.)
бір та­рап­тан және ________________________________________________________
                           (Уәкі­лет­ті ор­ган бас­шы­сы­ның А.Ә.Т.)
екін­ші та­рап­тан, 200_ жы­л­ғы "___" _______ орын­дал­ған жұ­мыстар үшін өза­ра
есеп ай­ы­ры­су­дың осы са­лы­сты­ру ак­ті­сін жа­са­дық.
                                                               тең­ге
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
  Жа­з­ба­ның маз­мұ­ны       |  Авиа­ком­па­ния      |    Уәкі­лет­ті ор­ган
_________________________|____________________|____________________________
| де­бет | кре­дит | де­бет | кре­дит
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Өза­ра есеп ай­ы­ры­су нәти­же­сін­де суб­си­ди­я­лау со­ма­сы _________________________
                                       (со­ма­сы сан­мен және жа­зу­мен, тең­ге­де)
тең­ге­ні құ­ра­ды.
Та­рап­тар­дың заң­ды ме­кен-жай­ла­ры:
Уәкі­лет­ті ор­ган                              Авиа­ком­па­ния
          СТН                                         СТН
    Бан­кі­лік де­ректе­рі                          Бан­кі­лік де­ректе­рі
_______________________                     ______________________
   (бас­шы­ның қо­лы, А.Ә.Т.)                    (бас­шы­ның қо­лы, А.Ә.Т.)
М.О.                              ___________________________
                                           (бас бух­гал­тер­дің қо­лы А.Ә.Т.)
М.О.

27 Авиатасымалдарды субсидиялау ТІЗІЛІМІ

Авиабағыттарға субсидияларды
жұмсау ережесіне
3-қосымша
___________________________
сомадағы тізілімді
бекітемін
___________________________________
(қолы) (уәкілетті органның басшысы)
200_ жылғы "___" __________
Авиатасымалдарды субсидиялау ТІЗІЛІМІ
200_ жы­л­ғы "___" __________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
р/с    |     Авиа­ба­ғыт   |    Авиа­та­сы­мал     |    Авиа­та­сы­мал бой­ын­ша
N      |                 |                    |     суб­си­ди­я­лау со­ма­сы
       |                 |                    |          (тең­ге)
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
1               2                 3                        4
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Суб­си­ди­я­лау со­ма­сы­ның жиы­ны: _________________________________
                                 (со­ма сан­мен және жа­зу­мен, тең­ге­де)
Осы ті­зі­лім­ге қо­са тір­кел­ді:
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________
Авиа­ком­па­ния                             Уәкі­лет­ті ор­ган
_____________________________             _____________________________
    (бас­шы­ның қо­лы, А.Ә.Т.)                   (бас­шы­ның қо­лы, А.Ә.Т.)
______________________________            ______________________________
(бас бух­гал­тер­дің қо­лы, А.Ә.Т.)           (бас бух­гал­тер­дің қо­лы, А.Ә.Т.)
М.О.                                               М.О.

Қолданыстағы