Об утверждении требований к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к элементам защиты паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники
- Атауы (қаз.)
- Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 12.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2019 129801_393868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018394
- ЭКБ идентификаторы
- 129801
- Редакция идентификаторы
- 129801_393868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:51
0 Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 наурыздағы № 129
бұйрығымен бекітілген
Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және
өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын
қорғау элементтеріне қойылатын талаптар
1 1. Осы Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының
5) тармақшасына сәйкес және «Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспорты туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімін іске асыру үшін әзірленген.
2
2. Өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері паспортының бланкілері қатаң есептілік құжаты болып табылады, олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) А4 форматтағы (210 х 297 мм) ақ қағазда, түзетуден немесе сүртіп кетіруден қорғауды қамтамасыз ететін бояуды пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген бланкілердіқорғау дәрежесіне қойылатын талаптарға сәйкес баспаханалық тәсілмен дайындалады және кем дегенде 8 қорғау дәрежесі болады, соның ішінде:
1 1) айқын кереғар түсті, сенімді түрде көзбен шолып бақылануы қамтамасыз етілетін 2 түсті ашық-көлеңкелі су белгісі;
2
2) спектрдің көрінетін немесе өзге де салаларында бақыланатын талшықтың кем дегенде 2 түрі болады. Бұл ретте талшық түрінің бірін енгізудің басқа түрлерімен – конфеттимен, полимерлік жіптермен, капсулданған люминоформен ауыстыруға жол беріледі. Ультракүлгін сәуленің әсерімен көрінетін көгілдір түсті люминесценциясы бар арнайы талшықтарды қолдануға жол берілмейді;