Құжат мәтініне өту

Об определении критериев отнесения фильмов к категориям для установления объема финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами

Бұйрық · № 63 · қабылданған 15.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129807/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении критериев отнесения фильмов к категориям для установления объема финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами Қолданыста Бұйрық ·№ 63 ·15.03.2019
15.03.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении критериев отнесения фильмов к категориям для установления объема финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами

Қолданыста Бұйрық ·№ 63 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении критериев отнесения фильмов к категориям для установления объема финансирования кинопроектов, претендующих на признание их национальными фильмами
Атауы (қаз.)
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
63
Қабылданған күні
15.03.2019
Көрсетілген редакция
15.03.2019 129807_394328.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018406
ЭКБ идентификаторы
129807
Редакция идентификаторы
129807_394328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:48

0 Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы

«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттары айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының
2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 63 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды
қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу
өлшемшарттары

1 1. Фильмдерді «әлеуметтік маңызы бар фильмдер», «дебюттік фильмдер», «оқиғалы фильмдер» санаттарына жатқызу өлшемшарттары:

киножобалардың қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы, сондай-ақ мерейтойлық және атаулы күндерге, аса көрнекті тұлғаларға, қоғамдық маңызы бар және маңызды оқиғаларға бағытталуы болып табылады.

2 2. Фильмдерді «бірлесіп шығарылатын фильмдер» санатына жатқызу өлшемшарттары:

киножобалардың Қазақстанның беделін көтеру мен ұстанымдануға, оның халқының мәдени және тарихи оқиғаларының мәртебесін арттыруға бағытталуы болып табылады.

3 3. Фильмдерді «ойын фильмдері» санатына жатқызу өлшемшарттары:

киножобалардың көркем-эстетикалық құндылықтарға бағдарлануы, патриоттық тәрбие беруге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, тарихи дәстүрлерді бейнелейтін ұлттық дәстүрлерді, мәдениет пен өнерді жандандыру мен сақтауға бағытталуы болып табылады.

Қолданыстағы