Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в городе Астане

Ереже · № 356/45-VI · қабылданған 06.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-129845/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в городе Астане Күшін жойған Ереже ·№ 356/45-VI ·06.03.2019
07.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в городе Астане

Күшін жойған Ереже ·№ 356/45-VI · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласының көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
356/45-VI
Қабылданған күні
06.03.2019
Көрсетілген редакция
07.03.2024 129845_690462.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19AAZ01210
ЭКБ идентификаторы
129845
Редакция идентификаторы
129845_690462
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:54

0 Астана қаласының көші-қон

процестерін реттеу қағидаларын
бекіту туралы
1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына сәйкес, сондай-ақ көші-қон процестерін басқаруды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету, астананың қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында көші-қон процестерін реттеу Қағидалары бекітілсін.

2

2. «Астана қаласында көші-қон процестерін реттеудің қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 185/22-VI шешімінің күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1135 тіркелген, 2017 жылдың 7 қазанында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

Астана қаласы мәслихатының
2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 356/45-VI шешішімен
бекітілді
Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-6-тармағына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Көші-қон процестерін реттеу:

адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;
шығу және орын ауыстыру бостандығына;
шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

2 2) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

3

3) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

2 2-тарау. Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

4 4. Нұр-Сұлтан қаласында көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

5 5. Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон процестерін реттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Нұр-Сұлтан қаласының аумағын белгілеуге (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

6 6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

7

7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

9

9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан әкімдік жалдаған тұрғын үйге тұрғылықты жері бойынша тіркеу бір адамға пайдалы алаңы кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үй беру нормасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

11 11. Әкімдік жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

______________________________

Қолданыстағы