Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тарбагатайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Тарбагатайского района
- Атауы (қаз.)
- Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-3
- Қабылданған күні
- 18.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2020 129851_695258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VP005803
- ЭКБ идентификаторы
- 129851
- Редакция идентификаторы
- 129851_695258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:48
0 Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 18000 (он сегіз мың) теңге мөлшерде көрсетіледі.
2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай-әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:
1 1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган –«Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;
2 2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға еркін түрде өтінішпен қызмет көрсетушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестентендіру үшін қажет);
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не кент, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
жұмыс орнынан анықтама;
екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат;
3 3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
4 4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы;
берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Тарбағатай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.
3
3. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4721 нөмірмен тіркелген және 2016 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.