Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 20.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2023 129864_672133.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SF005267
- ЭКБ идентификаторы
- 129864
- Редакция идентификаторы
- 129864_672133
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:44
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің
18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 - тармағына сәйкес,
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 228 қаулысы (2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4334 тіркелді);
2 2) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 228
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 316 қаулысы (2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5091 тіркелді).
3 3. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
___________________ А.Бектасова
2019 жылғы «____» _____________
1 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «20» наурыздағы
№ 65 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1
2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3 3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
4 4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5
5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман – қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6 6) ассистент.
2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының (директорының) орынбасары;
3 3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5
5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман – қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6
6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);