Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/05
- Қабылданған күні
- 20.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2020 129878_446162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KD005249
- ЭКБ идентификаторы
- 129878
- Редакция идентификаторы
- 129878_446162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:44
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабы 1 тамағы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/02 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4145 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпандағы №22-23 (12560) «Балқаш өңірі» және № 15-16 (1585) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 24 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау саланы қадағалаушы қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ___________
№_____қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы
белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(%) қызметкерлердің тізімдік санынан
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
62
2
1
2
«А.Мусин атындағы Балқаш қаласының гуманитарлық-техникалық колледжі » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
141
3
4
3
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
55
2
1
4
«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2
1
5
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таңшолпан» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
75
2
1
6
Қарағанды облысының білім басқармасының «Балқаш сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
67
2
1
7
«Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы «Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
69
2
1