О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения города Павлодара
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения города Павлодара
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 363/50
- Қабылданған күні
- 26.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2026 129888_822858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PA006279
- ЭКБ идентификаторы
- 129888
- Редакция идентификаторы
- 129888_822858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:43
0 Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер
салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы
2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы
«Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылауы туралы» № 460/61 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4913 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа Самалы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.