Об установлении единого тарифа для всех маршрутов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Кандыагаш Мугалжарского района
Қолданыста
Қаулы
·№ 110
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единого тарифа для всех маршрутов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Кандыагаш Мугалжарского района
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 27.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2023 129984_626752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CI006026
- ЭКБ идентификаторы
- 129984
- Редакция идентификаторы
- 129984_626752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:41
0 Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге, 100 (жүз) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
2 2. «Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Құлмағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мұғалжар аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Р. Мусенова
2019 жылғы 19 наурыз