Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг
- Атауы (қаз.)
- Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 19.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2021 130019_526422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018429
- ЭКБ идентификаторы
- 130019
- Редакция идентификаторы
- 130019_526422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:45
0 Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әуежайлардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарты;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аэронавигациялардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарты бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы «_____» ___________
1 Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 145 бұйрығына
1-қосымша
Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн
көрсетуге арналған үлгілік шарт
________________________ 20__ жылғы «___»_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Әуежай деп аталатын,
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(реттеліп көрсетілетін қызметтердi ұсынатын табиғи монополия субъектiсінiң
атауы, бизнес-cәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________ атынан
_______________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________________ бip тараптан және
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрi Тапсырыс беруші деп аталатын _______________________________
___________________________________________________________________
(реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұтынушының атауы, жеке сәйкестендіру
нөмері/бизнес-сәйкестендіру
нөмері)_____________________________________________________ атынан
______________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
____________________________________________________ екiншi тараптан,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.
1 1-тарау. Шарттың нысанасы
1 1. Әуежай осы Шартқа сәйкес әуежайлардың мынадай
_____________________________________ реттеліп көрсетілетін қызметтерін
(реттеліп көрсетілетін қызметтердің атауы)
жүзеге асырады, ал Тапсырыс беруші осы Шартта белгiленген тәртiппен және
мерзiмдерде Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлейді.
2 2. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған осы Шарт Тапсырыс берушімен жеке тәртiппен жасалады.
2 2-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3 3. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті. Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
3 3-тарау. Есеп айырысу тәртібі
4 4. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
5
5. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді Тапсырыс беруші ақы төлеуге шот ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нақты реттеліп көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілетін мемлекеттік авиация үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 562 ҚБП қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшуларды қоспағанда, төлемге шот ұсынылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мәлімделген (келісілген) көрсетілетін қызметтердің көлемі құнының 100 %-ын алдын ала ақы төлеу шартымен жүргізеді.
6 6. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу іс жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін екі жақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
7
7. Тапсырыс беруші шотты алған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Әуежайды сол даулы мәселелер туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, оларға байланысты көрсетілген мерзімде шот төленбейді. Тараптар дәлелді бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіспеушілікті реттеуге тиіс.
8 8. Басқа тараптың алдында дебиторлық берешегі бар тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің негізінде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредитор алдындағы берешек сомасын төлеуді жүзеге асырады.
9 9. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша Тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындауы деп есептелген төлемдердің барлық сомаларын Тапсырыс берушінің енгізу фактісі немесе Әуежайдың шотына есептелген төлемдердің барлық сомаларының түсу фактісі танылады.
10 10. Әуежайдың шоттарына ақы төлеу кезінде ақша қаражатын аударуға байланысты шығындарды Тапсырыс беруші төлейді.
4 4-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
11 11. Әуежай:
1 1) Тапсырыс берушінің орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
2 2) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы алуға;
3 3) Тапсырыс берушінің кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
12 12. Әуежай:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, Тапсырыс берушіге әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерді тең пайдалану жағдайларын ұсынуға;
2 2) Әуежаймен келiсiлген Тапсырыс беруші рейстерiнiң қозғалыс кестесiне сәйкес әуе кемелерiн әуежай аумағына қабылдауды кейiннен шығарумен қамтамасыз етуге;
3 3) Тапсырыс берушіні реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған тарифтердiң өзгеруі туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;
4 4) Тапсырыс беруші ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмiнiң себептерi мен мерзiмi туралы хабардар етуге;
5 5) Тапсырыс беруші өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының әуе көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
13 13. Тапсырыс беруші:
1 1) осы Шартқа сәйкес белгiленген сапада реттеліп көрсетілетін қызметтерді алуға;
2 2) Әуежайдан тарифтердiң өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3 3) Әуежайдың кiнәсiнен келтiрiлген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
14 14. Тапсырыс беруші:
1 1) Әуежаймен рейстердiң қозғалыс кестесiн алдын ала келiсуге, әуе кемесiне (жүктi, поштаны, жолаушыларды, багажды) тиеу туралы ақпаратты ұсынуға;
2
2) Әуежайдың аймағында жұмыстардың барлық түрлерiн ұшулардың қауiпсiздiгiн, авиациялық қауiпсiздiктi, санитарлық режимнiң нормаларын қамтамасыз етудi регламенттейтiн талаптарға қатаң сәйкестiкте жүргiзуге, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету, қол жүктердi, поштаны, жүктерді өңдеу жөнiндегi қолданыстағы ережелердi сақтауға;
3 3) Әуежаймен келiсiлген рейстердiң қозғалыс кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
4 4) Әуежайға талап етiлетiн барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға;
5 5) Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтердіне ақы төлеудi Шартта белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
6 6) Әуежайды рейстер қозғалысының келiсiлген кестесiнің бұзылуы және оны бұзудың себептерi туралы уақтылы хабардар етуге;
7 7) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған кезде әуежайға қолданыстағы пайдаланушы сертификатын ұсынуға міндетті.
5 5-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу
15 15. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
16 16. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қаралады.
6 6-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
17
17. Тараптар міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кідірткені үшін, егер мұндайлар еңсерілмейтін күштің (көздеуге немесе жоюға мүмкін болмайтын зілзала апаты немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін әскери іс-қимылдардың, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
18 18. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап басқа тарапқа еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы және аяқталуы туралы 48 (қырық сегіз) сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
19
19. Егер тараптардың бірeуі еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тарап бірінші тарапқа шартты бұзған күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы хабарлап, Шартты бұзуға құқығы бар.
20 20. Пошта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетілген өзгерістер пайда болған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
7 7-тарау. Өзге де ережелер
21 21. Шарттың талаптары тараптар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
22 22. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге тиіс.
23 23. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.
Шарт мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және шарт ол тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
24 24. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
25 25. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа шарттармен толықтырылуы мүмкін.
26 26. Шарт 20_ жылғы «___» ______сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді және 20_ жылғы «___» ______ 24 сағат бойы, ал тараптардың міндеттемелері бөлігінде оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
8 8-тарау. Шартты қолдану мерзімі және қолдануды тоқтату тәртібі
27 27. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
28 28. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
29 29. Шарттың қолданылуы тараптардың келiсiмi бойынша осы Шартқа ажырамас бөлiгі ретiнде қосымша келiсiм жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.
9 9-тарау. Тараптардың деректемелерi
Әуежай:
___________________
Тапсырыс беруші:
____________________
2 Аэронавигациялардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша
Аэронавигациялардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған үлгілік шарт
_________________________ 20_ жылғы «___» ___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын ____________________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын
___________________________________________________________________
субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары)
___________________________________________________________________
(құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу (қайта тіркеу) туралы
____________________________________________________________ атынан
куәлік* немесе анықтама, берiлген күнi және берген орган)
_____________________________________________________негiзiнде әрекет
ететiн _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бip тараптан және бұдан әрi Тапсырыс беруші деп аталатын пайдаланушы
___________________________________________________________________
(пайдаланушының деректемелерi, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны
мемлекеттiк тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама,
берiлген күнi және берген орган)
____________________________________________________ екiншi тараптан,
мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.
1 1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1 1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2 2-тарау. Шарттың нысанасы
2 2. Орындаушы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде (ұшу бағытында және әуеайлақ маңайында) Тапсырыс берушінің әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнiндегі қызметтерді ұсынады.
3 3. Тапсырыс беруші аэронавигациялық қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
3 3-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
4 4. Орындаушы:
1
1) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау мен үйлестіру процесінде, әуе кеңістігін пайдалану мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықтарына сүйене отырып, тапсырыс беруші мәлімдеген әуе кеңістігін пайдалану талаптарына қажеттігіне қарай (жер, уақыт пен биіктік) өзгерістер енгізеді. Әуе кеңістігін пайдаланудың мәлімделген талаптарына өзгерістер туралы өтінім (ұшу жоспарын) берген тапсырыс берушіге хабарланады;
2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтерге тарифтердi өзгертуге;
3 3) ұсынылатын қызметтер үшiн уақтылы ақы алуға;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
5 5. Орындаушы:
1 1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн Тапсырыс берушінің мүдделерiне пайдалануды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес үйлестiрудi қамтамасыз етуге;
2 2) аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес әуе кемелерiнiң ұшуын аэронавигациялық қамтамасыз ету құралдарын ұсынуға;
3 3) ұшу барысында ерекше жағдайлар туындаған кезде тиiстi қызметтердi авариялық хабарлауды қоса алғанда, әуе қозғалысын тiкелей басқаруды және ұшу барысында экипаждарға қажеттi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге;
4 4) ұшу уақытында Тапсырыс берушіні метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
5 5) Тапсырыс берушінің әуе кемелерiнiң экипаждарын әуе қозғалысын басқару арналары арқылы түсетiн жедел аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
6 6) авиациялық телеграф байланысы арналары арқылы ұшуларды тiкелей орындауға байланысты хабарларды беруге;
7 7) Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының авиация саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
8 8) Тапсырыс берушіні тарифтердің өзгеруі туралы заңнамада көзделген тәртіпте және мерзімде хабардар етуге мiндеттi.
6 6. Тапсырыс беруші:
1 1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2 2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгергенi туралы заңнамада көзделген тәртіпте және мерзімде ақпарат алуға;
3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
7 7. Тапсырыс беруші:
1
1) Орындаушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес ұшуларға арналған қажеттi жоспарларды және оның өзгерістерін және ұшуларды жоспарлау мәселелерiн реттейтiн басқа құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ Тапсырыс берушіге осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген Тапсырыс берушінің әуе кемелерi тізбесіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлауға;
2 2) Орындаушыға ұшулар мен әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынуға;
3 3) әуе көлiгiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
4 4-тарау. Ақы төлеу тәртiбi
8 8. Әуе кемелергe аэронавигациялық қызмет көрсетілгенi үшiн қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
9 9. Орындаушы айына бір рет Тапсырыс берушіге орындалған рейстердiң тiзiлiмiн қоса бере отырып шоттар ұсынады.
Тапсырыс беруші тұрақты рейстерге қызмет көрсету жөнiнде ұсынылатын қызметтер үшiн ақы төлеудi берілген шоттың негiзiнде, Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын есептеу жолымен шотты алған күнінен бастап он жұмыс күн iшiнде жүргiзедi.
10 10. Тапсырыс берушінің әуе кемелерi ұшуларының чартерлік рейстерiн орындаған кезде ұсынылатын қызметтер үшiн ақы төлеу алдын ала ақы төлеу шартымен жүргізіледі.
11 11. Берілген шоттармен келiспеген жағдайда, Орындаушы мен Тапсырыс беруші орындалған рейстердiң шоттарына және тiзiлiмдерiне нақтылау жүргiзедi.
Шоттарды қарау мен нақтылау мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс. Шоттар мен тiзiлiмдер бойынша ақы төлеудi нақтылау осы шоттар бойынша ақы төлеу мерзiмiн тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомаларды Орындаушы Тапсырыс берушіге келесi шотты ұсынған кезде ескередi.
12 12. Орындаушының шоттарына ақы төлеу кезiнде ақша қаражатын аударуға байланысты шығыстарға Тапсырыс беруші жауапты болады.
5 5-тарау. Тараптардың жауапкершілiгi
13 13. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиесiлi орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
14
14. Шартта көзделген ұсынылған қызметтер үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға осы сомаларды төлеу күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
15 15. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
6 6-тарау. Форс-мажорлық мән-жайлар
16
16. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және басқа мән-жайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
17 17. Еңсерiлмес күш мән-жайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай мән-жайлардың туындағаны туралы олар туындаған күнінен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
18 18. Егер тараптардың бiреуi еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған күнінен бастап күнтiзбелiк алпыс күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
7 7-тарау. Өзге ережелер және дауларды шешу
19
19. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүргізiледi. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тарап басқа тарапқа бұл туралы күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
20 20. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
21 21. Шартқа барлық өзгерiстер, толықтырулар мен келiсiмдер жазбаша нысанда жасалады және Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
22 22. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
23 23. Тараптар бiрiн-бiрi орналасқан жерiнiң немесе нақты мекенжайының өзгергенi туралы хабардар етуге мiндеттi.
8 8-тарау. Шартты қолдану мерзiмi
24 24. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.
25 25. Шарт 20_жылғы «___» ________ сағат 00-00-ден бастап күшiне енедi және 20_жылғы «___» ________ 24 сағат бойы қолданылады.
26 26. Шартты қолдану мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың бiреуiнiң мәлiмдеуi бойынша, аэронавигация қызметтер көрсетуiнiң көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
9 9-тарау. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:
___________________
Тапсырыс беруші:
____________________
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.
2.1 Тапсырыс берушінің әуе кемелерінің тізбесі
Аэронавигациялардың реттелетін
қызметтерiн көрсетуге арналған
үлгілік шартына
қосымша
Тапсырыс берушінің әуе кемелерінің тізбесі
№
п/п
Әуе кемесінің типі
Тіркеу номері
Тіркеген ел
Әуе кемесінің максималдық ұшу массасы (тонна)
Сертификаты (пайдаланушының ұшуға берілген жалпы белгілеу куәлігі) № _______, берілді «___» ____________ жыл.
Мынадай қызмет түрлеріне рұқсат берілген:______________________________________________
Берілген кодттар: ішкі _____, халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ______.
Орындаушы:
___________________
Тапсырыс беруші:
____________________