Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 15.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2019 130025_395589.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018433
- ЭКБ идентификаторы
- 130025
- Редакция идентификаторы
- 130025_395589
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:49
0 Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2019 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2 2) көлемі – 5 206 155 000 (бес миллиард екі жүз алты миллион бір жүз елу бес мың) теңгеден артық емес;
3 3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.