Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов на подготовку и повышение квалификации специалистов в области туристской деятельности»

Бұйрық · № 74 · қабылданған 26.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130035/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов на подготовку и повышение квалификации специалистов в области туристской деятельности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 ·26.03.2019
25.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов на подготовку и повышение квалификации специалистов в области туристской деятельности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов на подготовку и повышение квалификации специалистов в области туристской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
26.03.2019
Көрсетілген редакция
25.05.2020 130035_466517.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018431
ЭКБ идентификаторы
130035
Редакция идентификаторы
130035_466517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:42

0 «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 74 бұйрығымен бекітілген
«Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін
арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18005 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 361 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыратын бiлiм беру саласында тиiстi лицензиялары бар ұйымдар көрсетеді (бұдан әрі - қызметті беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген тізімге сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 6-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы қолхат болып табылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізіміне сәйкес құжаттар топтамасын тапсыру негіз болады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу – 10 (он) минут ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның заңды өкілінен қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті (Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша) Стандарттың 9 – тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау – 20 (жиырма) минут ішінде;

3 3) еркін нысанда құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа қол қою – 5 (бес) минут ішінде;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру – 5 (бес) минут ішінде.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) - құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкерлер.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрбір әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.

1 1) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің құжаттарды қабылдау және тіркеу – 10 (он) минут ішінде;

2

2) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның заңды өкілінен қажетті құжаттарды қоса берген өтінішті (Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша) Стандарттың 9 – тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау – 20 (жиырма) минут ішінде;

3 3) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің еркін нысанда құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа қол қою – 5 (бес) минут ішінде;

4 4) құжаттарды қабылдауға және құжаттарды қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруге жауапты қызметкердің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру – 5 (бес) минут ішінде.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы Регламентке  3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

1 Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет–ресурстарының тізімі

«Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға құжаттарды
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет–ресурстарының тізімі

Өңір­дің ата­уы
Те­ле­фон
Заң­ды ме­кен-жайы
Сайт
1.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
8(7162)401402
020000, Көк­ше­тау қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 89А
www.​akmo.​kz
2.
Ақ­тө­бе об­лы­сы
8(7132)560474
030010, Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әбіл­хай­ыр хан кө­ше­сі, 40
www.​akto.​kz
3.
Аты­рау об­лы­сы
8(7122)354965
060010, Аты­рау қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 77
www.​aty​rauo​bl.​kz
4.
Ал­ма­ты об­лы­сы
8(7282)272731
040000, Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Қа­бан­бай ба­тыр кө­ше­сі, 26
www. almaty-reg.kz
5.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
8(7232)570151
070019, Өс­ке­мен қа­ла­сы, К.Либ­к­нехт кө­ше­сі, 19
www. akimvko.gov.​kz
6.
Жам­был об­лы­сы
8(7262)431552
080008, Та­раз қа­ла­сы,
Абай кө­ше­сі, 125
www. zhambyl.kz
7.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
8(7112)260468
090000, Орал қа­ла­сы,
По­чи­та­лин кө­ше­сі, 72
www.​western.​kz
8.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
8(7212)425443
100012, Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Әли­хан кө­ше­сі, 19
www.​kar​agan​da-​region.​kz
9.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
8(7242)272934
120003, Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 48
www.​kyz​ylor​da.​kz
10.
Қо­ста­най об­лы­сы
8(7142)575310
110000, Ко­ста­най қа­ла­сы, Әл-Фа­ра­би кө­ше­сі, 56
www.​kos​tana​y.​kz
11.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
8(7292)435100
130000, Ақ­тау қа­ла­сы, 13 ша­ғын ауд./47-ғи­ма­рат
www.​man​gyst​au.​kz
12.
Пав­ло­дар об­лы­сы
8(7182)320965
140009, Пав­ло­дар қа­ла­сы, Қай­ыр­ба­ев кө­ше­сі, 32
www.​pav​loda​r.​kz
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
8(7152)463288
150011, г. Пет­ро­павл қа­ла­сы, Кон­сти­ту­ция кө­ше­сі, 58
www. akimat-sko.kz
14.
Түр­кі­стан об­лы­сы
8(72533)41005
161200, Түр­кі­стан қа­ла­сы, Есім­хан ала­ңы, 3
www. ontustik.gov.​kz
15.
Аста­на қа­ла­сы
8(7172)556482
010000, Аста­на қа­ла­сы, Бей­біт­ші­лік кө­ше­сі, 11
www.​astana.​kz
16.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
8(727)2716509
050001, Ал­ма­ты қа­ла­сы, Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4
www.​almaty.​kz
17.
Шым­кент қа­ла­сы
8 (7252)247113
160012, Шым­кент қа­ла­сы, Аста­на ала­ңы, 10.
shymkent.gov.​kz

2 Әрбір әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы іс-қимылдар реттілігінің блок-сызбасы

«Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға құжаттарды
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы
іс-қимылдар реттілігінің блок-сызбасы
құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу – 10 (он) ми­нут ішін­де
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан неме­се оның заң­ды өкі­лі­нен қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қо­са бер­ген өті­ніш­ті (Стан­дарт­тың қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша) Стан­дарт­тың 9 – тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау – 20 (жиыр­ма) ми­нут ішін­де
ер­кін ны­сан­да құ­жат­тар­ды қа­был­дау неме­се қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат­қа қол қою – 5 (бес) ми­нут ішін­де
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­ды қа­был­дау неме­се қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ру – 5 (бес) ми­нут ішін­де

3 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Туристік қызмет саласындағы
мамандарды даярлауға және
біліктілігін арттыруға құжаттарды
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы

Қолданыстағы