Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Балхаш и поселках Саяк, Гулшат

Қаулы · № 12/02 · қабылданған 20.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130045/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Балхаш и поселках Саяк, Гулшат Қолданыста Қаулы ·№ 12/02 ·20.03.2019
20.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Балхаш и поселках Саяк, Гулшат

Қолданыста Қаулы ·№ 12/02 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Балхаш и поселках Саяк, Гулшат
Атауы (қаз.)
Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12/02
Қабылданған күні
20.03.2019
Көрсетілген редакция
20.03.2019 130045_395170.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KD005255
ЭКБ идентификаторы
130045
Редакция идентификаторы
130045_395170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:43

0 Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жаксылыковаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

4 Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ______
№_____ қаулысына
қосымша
Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерi Балқаш қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) отырыстарында қаралады.

3 3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7 7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу шараларын аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

8 8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

9 9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Қолданыстағы