Құжат мәтініне өту

Об упорядочении учета потребления и оплаты электро-, тепло-, водоснабжения и других коммунальных услуг

Қаулы · № 3_1_1510 · қабылданған 11.08.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13005/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об упорядочении учета потребления и оплаты электро-, тепло-, водоснабжения и других коммунальных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 3_1_1510 ·11.08.2002
06.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об упорядочении учета потребления и оплаты электро-, тепло-, водоснабжения и других коммунальных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 3_1_1510 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упорядочении учета потребления и оплаты электро-, тепло-, водоснабжения и других коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Тұтыну есебiн және электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер төлемдерiн реттеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3_1_1510
Қабылданған күні
11.08.2002
Көрсетілген редакция
06.02.2012 AI13005_4.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02A000220_
ЭКБ идентификаторы
13005
Редакция идентификаторы
AI13005_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:52

0 Тұтыну есебiн және электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер төлемдерiн реттеу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 400  қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 548  қаулысынорындау, коммуналдық-қызмет көрсету саласындағы шарттық қатынастарды құқықтық негiзде реттеу жөнiндегi жұмыстарды одан әрi жетiлдiру, тұрғындардың коммуналдық қызметтердi пайдалануын және оған ақы төлеуiн есепке алуды реттеу мақсатында, баға және тариф саясатының тиiмдi тетiгiн қалыптастыру, халықты әлеуметтiк қорғау қажеттілігiн ескере отырып, Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Астанаэнергосервис" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Астанаэнергосервис" ААҚ), "Нысана" жауапкершiлігi шектеулi серiктестiгiнiң (бұдан әрi - "Нысана" ЖШС), шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тұрмыс" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының (бұдан әрi - "Тұрмыс" МКК) және балансында жылу энергиясы көздерi бар басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Астана Су Арнасы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының (бұдан әрi - "Астана Су Арнасы") басшылары ұсынылсын:
энергия тасымалдаушыларға берiлетiн жылу энергиясы көздерiнiң параметрлерiнiң сақталуын бақылау үшiн сырттағы ауа температурасына байланысты, тәуелсiз сараптау ұйымының қорытындысын ескере отырып, жылу жiберу тәртiбiн сапалы түрде реттеудің температуралық кестесiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлiгi Энергетиканы мемлекеттiк қадағалау комитетiнiң Солтүстiк аймақтық бөлiмiнде бекiтсiн;
тұрғын үйлерде орнатылған судың шығынын есептегiш және жылу есептегiш жалпы үйлiк аспаптарды техникалық балансқа қабылдасын;
нақты тұтынған суға, электр мен жылу энергиясына төленетiн төлемақыны есептеу аспабының көрсеткiштерi бойынша алсын;
есептеу аспаптары болмаған немесе уақытша жұмыс iстемеген жағдайда төленетiн төлемақы мөлшерi:
есептеу айындағы сыртқы ауаның нақты температурасына түзетiлген осы қаулының Қосымшасына сәйкес Астана қаласының тұрғын қорын жылытуға арналған тұтыну нормасынан жылу энергиясы бойынша, 2.04.01-85 (ғимараттың iшкi су құбыры және кәрiз), 2.04.02-84 құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНмЕ) сәйкес қабылданған нормалардан су бойынша;
электр энергиясы бойынша бiр айдың ішiнде алдыңғы есептеу кезеңiнде электр энергиясын орташа тәулiктiк тұтыну көрсеткiшi бойынша, ал айлық мерзiмнен асса - тоқ қабылдағыштың белгiленген қуаты мен оларды пайдалану сағатының саны бойынша анықталсын. <*>
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 15 қазандағы  N 3-1-2059ққаулысымен.

2 2. Әрбiр тұрғынға тәулiгiне ыстық сумен жабдықтау (жылу тасымалдаушы 55 градустық температурада болғанда) және суық сумен жабдықтау бойынша (көшедегi су тартатын шүмек суын пайдаланғанда) суды пайдалану нормасы, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. Энергия ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем заңнамаларда белгiленген тәртiпте, Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi департамент бекiткен тариф бойынша жүргiзiледi.

4

4. "Нысана" ЖШС, "Тұрмыс" МКК және коммуналдық қазандықтарды қамтамасыз ететiн кәсiпорындар мен ұйымдар жылу беру маусымына әзiрлiк кезеңiнде есептеу аспаптарын орнату жөнінде ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізуді, коммерциялық есепке алынбаған ғимараттардың "Госэнергоэкспертиза" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (бұдан әрi - "Госэнергоэкспертиза" РМК) келiсiлген жылу-техникалық сипаттамасын қолданып, тұрғындармен шарт жасасуды қарастырсын.

5 5. "АСТАНА-ПЛЮС" орын-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнiң қалалық қауымдастығы, "Бiрлiк-Единство" ПИК қауымдастығы және "Парасат" ПИК аудандық қауымдастығы энергиямен жабдықтаушы кәсiпорындармен бiрлесiп:

тұрғын үй қорын есептеу аспаптарымен жабдықтап, олардың құнына ақы төлеуге жеке шарттар ресiмдеуге қатыссын;
2002 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн есептеу аспаптарымен жарақтандырылмаған ұқсас үлгідегі тұрғын үйлердің нақты тұтынған жылу энергиясына және суға төленетін төлемақы көрсеткіші бойынша ұсынылатын жылу есептегіш және су шығынын есептегіш жалпыүйлік аспаптармен жабдықталған тұрғын үйлерді анықтасын.

6 6. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететiн пәтер иелерi кооперативтерi мен тұтыну кооперативтерiнiң тапсырылған режимi және жылуды тұтыну жүйесiнiң iшкi реттiлiгiн сақтауын бақылау балансында жылу энергиясы көздерi бар кәсiпорындарға жүктелсiн.

7

7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қалалық коммуналдық шаруашылық" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны (бұдан әрi - "Қалалық коммуналдық шаруашылық" МКК), "Спецавтотранспорт-Алматы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Спецавтотранспорт-Сарыарқа" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi және қатты-тұрмыстық қоқыстарды жинауды, шығаруды және көмудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, қала бойынша қатты-тұрмыстық қоқыстардың жинақталуының қалыптасқан есептiк айырмасын ескере отырып, Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi департаментпен келiсiлген бiр адамға жылына 1,1 текшеметр көлемiндегi тариф бойынша тұрғындардан төлемақы алсын.

8 8. Күшi жойылды деп танылсын:

Астана қаласы әкiмiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 3-1-309ө "Тұрғындардың жылумен жабдықтау қызметтерi мен басқа да коммуналдық қызметтерiн тұтыну есебiн және ақы төлеуiн реттеу туралы" өкiмi;
Астана қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 15 ақпандағы N 3-1-225қ "Астана қаласы әкiмiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 3-1-309ө "Тұрғындардың жылумен жабдықтау қызметтерi мен басқа да коммуналдық қызметтерiн тұтыну есебiн және ақы төлеуiн реттеу туралы" өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" қаулысы.

9 Астана қаласы тұрғын үй қорын жылытуға арналған жылу энергиясы шығынының НОРМАСЫ

9. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Есіловке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
КЕЛІСІЛДІ
Алматы ауданының әкімі
Сарыарқа ауданының әкімі
Астана қаласы Коммуналдық
шаруашылық департаментінің
директоры
Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қорғау және шағын бизнестi дамыту
жөніндегi агенттігінің Астана қаласы
бойынша департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Энергетика
және  минералды ресурстар
министрлiгiнiң Энергетиканы
мемлекеттік қадағалау комитетi
Солтүстік аймақтық бөлiмінің
бастығы
"Госэнергоэкспертиза" РМК
өкілдігінің директоры
"Астанаэнергосервис" ААҚ
Басқарма төрағасы
"Астана Су Арнасы" МКК
Бас директоры
"Тұрмыс" МКК директоры
"Нысана" ЖШС директоры
"АСТАНА ПЛЮС" орын-жайлар
(пәтерлер) иелері кооперативтері
қалалық қауымдастығының
президенті
"Бірлік-Единство" ПИК
қауымдастығының президенті
"Парасат" ПИК аудандық
қауымдастығының төрағасы
Астана қаласы әкімдігінің
2002 жылғы 12 тамыздағы
N 3-1-1510қ қаулысына
қосымша <*>
📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 15 қазандағы  N 3-1-2059ққаулысымен.
Астана қаласы тұрғын үй қорын жылытуға арналған жылу энергиясы шығынының НОРМАСЫ
---------------------------------------------------------
Көрсет.   Өлшем                  Айлар
кіштер    бірлігі  ---------------------------------------------------------
Қаңтар    Ақпан    Наурыз   Сәуір
Тн.в.=    Тн.в.=   Тн.в.=   Тн.в.
-16,8 о С   -16,5 о С  -10,1 о С   +3 оС
---------------------------------------------------------
Тұрған үй  1 кал/м 20,0464     0,0429   0,0378   0,0205
қорының
тұрғын және
көмекші
орын-жай.
ларына
арналған
норма
---------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------
Қазан    Қараша   Желтоқсан   Жылыту
= Тн.в.  = Тн.в.  =  Тн.в.=   маусымына
+2,6 о С   -7,0 о С    -14,0 оС     орташа
Тн.в.= -8,1 оС
-------------------------------------------
0,0217   0,0329    0,0428     0,0350 -------------------------------------------
Жылытуға арналған жылу энергиясы шығындарының нормасы МСН2.04-01-98 "Құрылыс климатологиясы бойынша" сыртқы ауа температурасын түзетумен бірге айлар бойынша есептелген.
Сәуір және қазан айларында жылытуға арналған жылу энергиясының нормасы жылыту жүйесі жұмысының нақты сағатына түзетіледі.
Астана қаласы Әкімі аппараты энергетикалық
кешен және коммуналдық шаруашылық бөлімінің
меңгерушісі

Қолданыстағы