О присвоениии наименования участку дороги начиная с пересечения улицы А.Темира и проспекта Б.Саттарханова до пересечения проспекта Тауке хана и улицы Н.Турекулова города Туркестан Туркестанской области проспект Нұрсұлтан Назарбаев
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоениии наименования участку дороги начиная с пересечения улицы А.Темира и проспекта Б.Саттарханова до пересечения проспекта Тауке хана и улицы Н.Турекулова города Туркестан Туркестанской области проспект Нұрсұлтан Назарбаев
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы Түркістан қаласы Ә.Темір көшесі мен Б.Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылымен Н.Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы көшені Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/371-VI
- Қабылданған күні
- 20.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2019 130126_395581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0004946
- ЭКБ идентификаторы
- 130126
- Редакция идентификаторы
- 130126_395581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:43
0 Түркістан облысы Түркістан қаласы Ә.Темір көшесі мен Б.Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылымен Н.Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы көшені Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түркістан облысы Түркістан қаласы Ә.Темір көшесі мен Б.Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылымен Н.Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы көше Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталсын.
2 2. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;