Об установлении границы села Тайсойган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границы села Тайсойган
- Атауы (қаз.)
- Тайсойған ауылының шекарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 29.03.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2019 130152_396633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TE004366
- ЭКБ идентификаторы
- 130152
- Редакция идентификаторы
- 130152_396633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:37
0 Тайсойған ауылының шекарасын белгілеу туралы
«Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихаты кезекті ХХХІII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Жалпы аумағы 119,013 гектар және ұзындығы 6327,20 метр болып Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі Тайсойған ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ж. Тұрдағалиевқа және Қызылқоға аудандық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А. Алтыбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылының әкімшілік шекарасының жоспары
Аудан әкімдігінің 2019 жылғы
«29» наурыз № 74 қаулысына және
аудандық мәслихаттың 2019 жылғы
«29» наурыз № ХХХІІІ-5 шешіміне
қосымша
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылының
әкімшілік шекарасының жоспары
Тайсойған ауылы шекарасының жалпы аумағы- 119,013 гектар