Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Макатском районе

Қаулы · № 67 · қабылданған 03.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130158/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Макатском районе Қолданыста Қаулы ·№ 67 ·03.04.2019
03.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Макатском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 67 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Макатском районе
Атауы (қаз.)
Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
03.04.2019
Қолданысқа енгізілген күні
05.04.2019
Көрсетілген редакция
03.04.2019 130158_396644.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TG004373
ЭКБ идентификаторы
130158
Редакция идентификаторы
130158_396644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:31

0 Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын

азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ
оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н.М. Ерғалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Мақат ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «3» сәуірдегі
№ 67 қаулысына қосымша
Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Осы тәртіп Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Мақат ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5 5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9

9. Ақшалай сыйақының мөлшері көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы