Об утверждении дополнения в Инструкцию об организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении дополнения в Инструкцию об организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды бекіту жөнінде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 27.08.1998
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2010 AI1302_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000599_
- ЭКБ идентификаторы
- 1302
- Редакция идентификаторы
- AI1302_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:34
0 Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды бекіту жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.11.2010 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыру бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2 2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
а а) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
б б) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
6 Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыру
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі басқармасының
1998 жылғы 28 тамыз N 158
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай толықтыру енгізілсін:
1 1. 5.1.-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеуге құқылы."