Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц села Жана тилек Жана тилекского сельского округа Урджарского района

Өзге акт · № 3 · қабылданған 29.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130206/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О переименовании улиц села Жана тилек Жана тилекского сельского округа Урджарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·29.03.2019
29.03.2019 редакциясы
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц села Жана тилек Жана тилекского сельского округа Урджарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц села Жана тилек Жана тилекского сельского округа Урджарского района
Атауы (қаз.)
Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі Жаңа тілек ауылының көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
29.03.2019
Көрсетілген редакция
29.03.2019 130206_396639.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VRI05829
ЭКБ идентификаторы
130206
Редакция идентификаторы
130206_396639
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:37

0 Үржар ауданы Жаңа тілек

ауылдық округі Жаңа тілек
ауылының көшелерін
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2018 жылғы 15 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі Жаңа тілек ауылының көшелерінің атауы:

1 1) Колхозная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;

2 2) Училищная көшесі Алакөл көшесі;

3 3) 50 лет Казахстана көшесі Әлия Молдағұлова көшесі;

4 4) 30 лет Победы көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі;

5 5) Зубакина көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі;

6 6) Юбилейная көшесі Кенесары хан көшесі болып қайта аталсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы