Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию

Бұйрық · № 194 · қабылданған 28.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130235/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию Қолданыста Бұйрық ·№ 194 ·28.03.2019
17.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию

Қолданыста Бұйрық ·№ 194 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
194
Қабылданған күні
28.03.2019
Көрсетілген редакция
17.01.2022 130235_559264.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018456
ЭКБ идентификаторы
130235
Редакция идентификаторы
130235_559264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:38

0 Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор

М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы № 161
және Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы № 194
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
Р/с

Объектіні және қолданылу саласын көрсетумен
өлшем атауы
Метрологиялық талаптар
Ескертпе
өлшем
диапазоны
Рұқсат етілетін шекті қателік
немесе дәлдік сыныбы
1
2
3
4
5
1
Ұзындықты өлшеу – адамның геометриялық параметрлерін өлшеу, жазықтықтағы заттар арасындағы ұзындықты немесе қашықтықты өлшеу үшін
0 мм – 100000 мм
дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
δ = ± (0,25 - 5) %
2
Ұзындықты өлшеу – дәл топогеодезиялық карталарды жасау үшін
0 мм – 2500 мм
дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
δ = ± (0,25 - 5) %
3
Қалыңдықты өлшеу – ыдыс, қысыммен жұмыс істейтін қазандар қабырғаларының қалыңдығын, бөлшектердің тозуын өлшеу және қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін қозғалтқыштар мен агрегаттарда өлшеу жүргізу үшін
0 мм – 1000 мм
∆ = ± (30 - 150) мкм
4
Тереңдікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін агрегаттар мен механизмдер тораптарының өндірілуін өлшеу үшін
0 мм – 2500 мм
∆ = ± (30 - 200) мкм
5
Бұрыштарды өлшеу – қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде еңкею, құлау, бірігу бұрыштарын және басқа да жазық бұрыштарды өлшеу үшін
00 – 3600
дәлдік сыныбы 0, 1, 2
∆ = 0,5" – 15'
6
Массаны өлшеу – дене массасын өлшеу, қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін
1 мг – 200000 кг
дәлдік сыныбы 1; 2; 2,5; 4
дәлдік сыныбы Е1, Е2, F1, F2, М1, М2, М3
орташа дәлдік сыныбы
∆ = 0,1 мг – 100 кг
масса бірлігі болып табылатын өлшем бірліктері
7
Күш өлшеу (тарту, созу) – қару-жарақ пен әскери техниканың көтергіш механизмдеріне қызмет көрсету және олардың беріктігін куәландыру кезінде күш немесе жұмсалатын күш-жігерді өлшеу үшін
0,01 Н – 2000 кН;
0,5 кгс/м – 250 кгс/м
δ = ± (0,1 – 5) %
8
Күш кезін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың тораптары мен агрегаттарының бұрандаларын тартуды жүзеге асыру үшін қажетті күшті өлшеу үшін
1 Нм – д 3000 Нм
0,5 кг/м – 50 кг/м
δ = ± (0,5 – 5) %
9
Қысымды өлшеу – материалдық құралдарды есепке алу, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстар мен агрегаттардағы қысымды өлшеу үшін
0 Па – 250 Мпа;
0 – 2500 кг/см2
дәлдік сыныбыы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
δ = ± (0,005 – 5) %
(май, су, оттегі, сұйықтық пен газ)
10
Вакуумды өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстардағы және агрегаттардағы вакуумды өлшеу үшін
минус 105 Па – 0 Па;
минус 104 кг/см2 – 0 кг/см2
дәлдік сыныбы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
δ = ± (0,005 – 5) %
11
Айналу жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының айналу жиілігін өлшеу үшін
0 – 60000 об/мин
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 4,0
δ = ± (0,4 – 5)%
12
Тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу үшін
5 – 1000 Гц
0 мм/с2 – 1000 м/с2
δ = ± (0,4 – 5)%
13
Жылдамдықты өлшеу – тексеру және сынау стенділерінде ұшу аппараттарының қозғалысы жылдамдығының параметрлерін өлшеу үшін
5 – 2000 км/сағ
Δ = (1 – 50) км/сағ
14
Сұйықтықтар мен газдардың шығысы мен мөлшерін өлшеу – қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін
0,05 мл/с – 10 мл/с;
0,012 м3/сағ – 12500 м3/сағ;
4 л/мин – 250 л/мин
δ = ± (0,1 – 5)%
(есептегіштер мен шығыс өлшегіштер) өлшем бірлігі (литр, текше метр және олардың еселігі) болып табылатын өлшем бірліктері
15
Ауа ағынының жылдамдығын өлшеу – метеостанциялардағы ауа ағынының жылдамдығын, сондай-ақ ұшу аппараттарының құрамына кіретін бақылау аппаратурасын өлшеу үшін
0,2 м/с – 30 м/с
∆ = ± (0,1 - 2) м/с
δ = ± (0,5 – 10) %
16
Сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу – резервуарлар мен цистерналардағы сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу үшін
2 дм3 – 50000 дм3;
100 м3 – 200 000 дм3
δ = ± (0,02 -0,5) %
17
Тығыздықты, үлес салмағын және концентрацияны өлшеу – жанар-жағармай материалдарының, улы-техникалық сұйықтықтар мен газдардың құрамына кіретін заттарды өлшеу үшін
4,0×10-7 м2/с – 3 г/см³;
0 % – 100 %;
650 кг/м3 – 2000 кг/м3
∆ = ± (10-5–10-6) г/см³
∆ = ± (0,05-0,5) %
∆ = ± (0,5-20) кг/м3
18
рН өлшеу – жанар-жағармай материалдарының құрамына кіретін рН заттардың деңгейін өлшеу үшін
минус 20 бірл. рН – 20 бірл рН
∆ = ± 0,003 бірл. рН – ± 0,5 бірл. рН
19
Ылғалдылықты өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі ылғалдылықты өлшеу үшін
0% – 100 %
∆ = ± 2% – ± 6 %
20
Температураны өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі температураны өлшеу үшін
минус 200 °С – 1600 °С
δ дов = ± (0,01 – 5,0) °С
δ = ± (0,25 – 1,0 )%
21
Температураны өлшеу – жеке құрам болатын объектілердегі температураны өлшеу үшін
минус 80 °С – 100 °С
δ дов = ± (0,01 – 5,0) °С
δ = ± (0,25 – 1,0 )%
22
Жарық күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық күшін өлшеу үшін
1 – 100000 лк
1 – 55000кд/м3
0 – 100 %
Δ = ± (2.0 – 10)%
Δ = ± (0,2 – 1,0)%
23
Жарық өткізу коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық өткізу коэффициентін өлшеу үшін
1 % – 100 %
Δ = ±(1,0 – 5,0) %
24
Жарықтың сыну күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарықтың сыну күшін өлшеу үшін
минус 30 дптр – 25 дптр
Δ = ± (0,05 - 0,25) дптр
δ = ±0,25%
25
Шу мен дірілді өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану объектілерінде шу мен дірілді өлшеу үшін
20 – 140 дБ
1 – 40000 Гц
дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5
Δ = ± (0,5 – 1,0) дБ
26
Тұрақты ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-6 – 5000 В
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
27
Ауыспалы ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-6 – 5000 В
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
28
Ауыспалы ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-10 – 150 А
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
29
Тұрақты ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-10 – 150 А
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
30
Электр кедергісін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-4 – 1015 Ом
дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,0002 % - 10) %
31
Электр сыйымдылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
10-14 – 0,02 Ф
дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
δ = ± (0,05 % - 10) %
32
Электромагниттік индукцияны өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1 мкГн – 1000 Гн
δ = ± (0,02 – 10) %
33
Электр сигналының қуатын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 400 Вт
δ = ± (1 – 10) %
34
Жиілікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде сигналдардың жиілігін өлшеу үшін
0 – 37,5 ГГц
δ = ± (0,05-5×10-9) %
35
Уақытты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде аппаратураның уақытын, жұмыс уақытын өлшеу үшін
0 с – 9 сағат 59 минут 59 с
δ = ± (0,005 - 0,05) %
36
Сигналдың әлсіреуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 140 дБ
Δ = ± (0,03 - 5) дБ
37
Амплитудалық модуляция және жиіліктің девиациясы коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1 – 100 %
1 – 1000 кГц
Δ = ± (0,015 - 3) %
δ = ± (2 – 5) %
38
Сіңірілетін қуатты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0,1мкВт – 5000 Вт
δ = ± (0,1 – 25) %
39
Беру және көрсету коэффициенттерін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
1,05 – 5
Δ = ± (0,05 - 5) К
40
Фазалардың айырмашылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
0 – 360 °
Δ = ± (0,1 - 2,5) °
41
Күшейту коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
минус 20 – 100 дБ
δ =± (4 – 25) %
42
Рентген және гамма сәулелену дозасын өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде
60 нЗв/сағ – 10 Зв/сағ;
0,0272 мкР/с – 830 мкР/с;
0,03 – 4,4 МэВ
δ = ± (2,5 - 30) %
43
Альфа-бета-гамма сәулелену спектрін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
20 – 6000 кэВ
δ = ± (1 – 60) %
44
Радионуклидтердің белсенділігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін
1,5 Бк – 106 Бк
δ = ± (4 – 15) %
Негізгі пайдаланылатын қысқартулар:
А – ампер;
В – вольт;
кВт – киловатт;
кг – килограмм;
мг – миллиграмм;
л/мин – минутына литр;
м – метр;
мм – миллиметр;
мкм – микрометр;
м/с – секундына метр;
кН – килоньютон;
ГОм – гигаом;
МОм – мегаом;
Па – паскаль;
гПа – гектопаскаль;
кПа – килопаскаль;
МПа – мегапаскаль;
ГГц – гигагерц;
дптр – диоптрия;
рН – сутегі көрсеткіші;
нЗв /сағ – сағатына нанозиверт;
мкР / с – секундына микрорентген;
°С – Цельсий градусы;
° – градус;
' – минут;
" – секунд;
% – процент;
Δ – абсолютті қателік;
δ – салыстырмалы қателік.

Қолданыстағы