Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе

Қаулы · № 77 · қабылданған 01.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130269/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе Қолданыста Қаулы ·№ 77 ·01.04.2019
01.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 77 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе
Атауы (қаз.)
Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
77
Қабылданған күні
01.04.2019
Қолданысқа енгізілген күні
02.04.2019
Көрсетілген редакция
01.04.2019 130269_396601.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TE004367
ЭКБ идентификаторы
130269
Редакция идентификаторы
130269_396601
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:34

0 Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ж. Жанқуатовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «1» сәуірдегі № 77
қаулысына қосымша
Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Осы тәртіп Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

3 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қызылқоға ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрi – комиссия) қарайды.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

5 5. Комиссиямен қабылдаған хаттамалық шешім, көтермелеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

9

9. Ақшалай сыйақының мөлшерi көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

Қолданыстағы