О признании утратившими силу некоторых решений Бухар-Жырауского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Бухар-Жырауского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 28.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2019 130280_396548.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KK005276
- ЭКБ идентификаторы
- 130280
- Редакция идентификаторы
- 130280_396548
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:39
0 Бұқар жырау аудандық
мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 4 «Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда № 6 «Сарыарқа» газетінде жарияланған) шешімі;
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2011 жылғы 13 сәуірде № 5 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы 11 сессиясының «Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» №4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда № 22 «Сарыарқа» газетінде жарияланған) шешімі.